Алматы облыстық ПД бастығы тұрғындарға көшпелі қабылдау өткізді
Алматы облыстық ПД бастығы тұрғындарға көшпелі қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер органдарының басты міндеті – азаматтардың барлық сұраныстарына жедел әрі тиімді жауап беретін “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асыру.
Оны іске асыру мақсатында Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы азаматтарды тұрақты түрде көшпелі қабылдаулар өткізіледі. Бұл жолы облыстық департамент бастығы Бауыржан Әленовтың Іле ауданының тұрғындарымен ауқымды диалог өтті.
– Заңдылықты сақтау – полицияның басты басымдығы, ал халық тарапынан әрбір өтінішті егжей-тегжейлі зерделеу және тиімді кері байланысты қалыптастыру – құқық қорғау органдарының бірінші кезектегі міндеті, – деп атап өтті Б. Әленов.
Кездесу барысында әртүрлі қылмыстық істерге қатысты мәселелерді, сондай-ақ тұрғындарды толғандыратын басқа да өзекті мәселелер қарастырылды.
– Бірде-бір өтініш назардан тыс қалмайды деп сендіремін. Барлық айтылған мәселелер мен ұсыныстар менің жеке бақылауыма алынды, олардың шешімін мен мұқият қадағалаймын, – деп түйіндеді Б. Әленов.
Атап өтсек, облыстық департамент басшылығы азаматтарды көшпелі қабылдауын айына кемінде бір рет тұрақты негізде өткізеді.