Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастамасымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді

Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастамасымен және облыстық прокуратураның қолдауымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Акцияға ЛА-155/16 тергеу изоляторы, ЛА-155/4 әйелдер колониясы, ЕС-164/4 қауіпсіздігі төмен мекеме, қауіпсіздігі жоғары ЛА-155/8 және ЛА-155/12 мекемелерінің басшылықтарымен  қызметкерлері белсенді қатысты.

Аудандары бойынша орналасқан мектеп алдын ала дайындаған көмекке мұқтаж оқушылардың  тізімдерін алып, әр ұжым балалардың мектеп киімдерін алып, оқуға керекті жабдықтармен қамтамасыз етуге тырысты.

Мектеп директорлары акция аясында белсенді көмек көрсеткендері үшін мекеме ұжымымен басшылықтарына алғыс хаттар тарту етіп, оқушылармен олардың ата-аналары өз алғыстарын білдірді.

– «Мектепке жол» акциясы Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінде жыл сайынғы дәстүрге айналды. Акция барысында әр мекеме қызметкерлері белсене  қатысып, қайырымдылық шараларына өз үлестерін қосып, мұқтаж оқушыларды қуантты, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жаныбек Қосжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру