Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ПД басшылығы қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларын Жаңа жылмен құттықтады

Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларын Жаңа жылмен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жыл қарсаңында Алматы облысы полиция департаментінің басшылығы қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына арнайы барып, құрмет көрсетті. Бұл бастама — ерлікпен өмірден өткен әріптестердің есімін ұлықтау мен олардың жақындарына қолдау көрсету жолындағы игі қадам.

Полиция өкілдері отбасыларға азаматтардың қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткен жақындарының ерлігі үшін шынайы алғыстарын білдіріп, олардың батылдығы мен қызметке адалдығы әрдайым үлгі болып қала беретінін атап өтті. Қаза тапқан қызметкерлердің балаларына жаңа жылдық сыйлықтар тарту етіліп, оларды қуаныш пен жылылыққа толы мерекелік шараға шақырды.

– Біз әкелеріңіздің ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Олардың қайсарлығы мен қызметке деген адалдығы біз үшін асқан мәртебе әрі ұрпаққа өнеге, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Осындай игі бастамалар қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларымен рухани байланысты нығайтып қана қоймай, қоғамға полиция қызметінің маңыздылығын және олардың азаматтық борышын адал атқарғанын еске салуға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру