Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы ПД бастығы азаматтарды қабылдады

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Алматы облысында кезекті азаматтар қабылдауы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы полиция департаментінде "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру және құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығы мен есептілік қағидаттарын нығайту мақсатында облыстың бас полицейі Мейрам Әбікеев азаматтарды кезекті қабылдауын өткізді.

Жеке қабылдауға қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқықтар мен заңды мүдделерді қорғау сынды түрлі мәселелер бойынша 10 азамат жүгінді. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, мәселелердің шешімін табу үшін тиісті басқармалар мен аудандық бөлімшелер басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Олардың орындалуы жеке бақылауға алынып, мәселелерді жедел әрі әділ шешуге ерекше назар аударылуда.

- Біз азаматтарды тек тыңдап қана қоймай, әрекет етеміз. Біздің міндетіміз – тыңдау, түсіну және көмектесу. Мұндай кездесулер қоғам мен полиция арасындағы байланысты нығайтуға, проблемалық тұстарды жедел анықтауға мүмкіндік береді, – деді Мейрам Әбікеев.

Азаматтарды ашық қабылдау өңір полицейлерінің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігіне айналған. Бұл шара құқық қорғау органдарының қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сенімді арттыруға және құқықтық ортаны жақсартуға арналған тиімді құрал болып табылады.

- Халықпен ашық қарым-қатынас – құқықтық тәртіптің тиімді әрі заманауи моделінің негізі. Оның ортасында әрқашан адам мен оның қауіпсіздігі тұрады, – деп қорытындылады облыстық полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру