Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы ПД бастығы азаматтарды жеке қабылдады

Алматы облысы ПД бастығы азаматтарды жеке қабылдады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев азаматтарды кезекті қабылдауын өткізді. Кездесу жеке форматта да, шалғай елді мекен тұрғындарының қатысуымен онлайн режимде де ұйымдастырылды.

Бұл өзара әрекеттестік форматы тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел шешуге, сондай-ақ халық пен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді байланысты нығайтуға мүмкіндік беріп отыр. Кез келген азамат, тұрғылықты жеріне қарамастан, өз сауалын жеткізіп, нақты жауап алды.

Қабылдау барысында тұрғындар қылмыстық істердің тергелу барысы, учаскелік инспекторлардың жұмысы, көші-қон заңнамасы мен ауылдық аймақтардағы құқықтық тәртіпке қатысты сұрақтар көтерді. Барлық өтініштер мұқият тыңдалып, жедел қарастыру үшін тиісті бөлімшелерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Департамент басшысы әрбір өтініш жеке бақылауында болатынын атап өтті.

– Ашықтық пен халыққа жақын болу – полиция жұмысының басты қағидасы. Біз әрбір азаматтың дауысы естіліп, оның мәселесі шешілуі тиіс деп есептейміз, – деді Мейрам Әбікеев.

Мұндай қабылдаулар облыс тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға, өзекті мәселелерді анықтауға және полицияға деген сенімді күшейтуге ықпал етуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру