Алматы облысы ПД-да іс жүргізушілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
Алматы облысы ПД-да іс жүргізушілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев ведомствоның іс жүргізушілерін ішкі істер органдарының құжаттамалық қамтамасыз ету бөліністерінің құрылу күнімен құттықтады.
Құттықтау сөзінде ол кеңсе қызметкерлерінің үйлесімді және сауатты жұмысы бүкіл ведомствоның тұрақты қызметінің негізі екенін атап өтті. Олардың ұқыптылығының, жауапкершілігі мен дәлдігінің арқасында басқару шешімдерін уақтылы және сапалы ресімдеу, қызметтік материалдарды сақтау, сондай-ақ ішкі істер органдарының институционалдық жадын сақтау қамтамасыз етіледі.
– Сіздердің жұмысыңыз көзге ілінбейді, бірақ онсыз бірде-бір жұмыс күнін елестету мүмкін емес. Сіздер үлкен ақпараттық ағындарда тәртіп орнататындардың бірісіздер, ережелердің, мерзімдер мен стандарттардың сақталуын қадағалайсыздар. Жоғары кәсібилігтеріңіз үшін рахмет айтамыз, – деп атап өтті ведомство басшысы.
Салтанатты шара аясында ерекше көзге түскен қызметкерлерге алғыс хаттар мен грамоталар табысталды.
Құжаттамалық қамтамасыз ету бөліністері ішкі істер органдары жүйесіндегі маңызды буын болып қала береді және олардың кәсіби мерекесі күні қызметтің үздік дәстүрлеріне адалдығы, жүйелілігі үшін шын жүректен алғыс сөздер айтылды.