Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысы ПД-да сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбында кездесу өтті

Алматы облысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментінің басшысы Болат Жармақов облыстық полиция қызметкерлерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық қорғау органдарындағы тәртіп пен заңдылықты нығайту мәселелері талқыланды.

Болат Жармақов Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесіне жүктеген маңызды міндеттерін атап өтіп, қазіргі уақытта полицейлерге әлеуметтік қолдау мен материалдық қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалғанын жеткізді. Сонымен қатар ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына ерекше назар аудару қажеттігін айтты.

Кездесу барысында полиция қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу мақсатында профилактикалық бейнероликтер көрсетіліп, құқықтық мәдениетті арттыру бағытындағы жаңа бастамалар таныстырылды.

Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев ішкі істер органдарындағы заңдылық пен тәртіп мәселесінің басшылықтың тұрақты бақылауында екенін атап өтті. Ол полиция қызметкерлерінің кәсіби қызметте де, күнделікті өмірде де жоғары талаптарға сай болуын маңызды деп санайтынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру