Алматы облысында 15 мыңнан астам азамат иммиграция есебіне алынды
Алматы облысында жыл басынан бері 15 мыңнан астам азамат иммиграция есебіне алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азаматтық және иммиграция бөлімінің статистикалық есептері бойынша Қазақстан Республикасының тұрақты тұру ықтиярхатымен Алматы облысы бойынша тіркелген азаматтар саны 15 680, оның ішінде 8 106 адам этникалық қазақтар.
16 жасқа толмаған азаматтар саны 1 579 адам, 16 жастан жоғары азаматтар саны 14 101 адам Қазақстан Республикасының тұрақты тіркеу ықтиярхатына қабылданды.
Осылардың ішінен ағымдағы жылдың басынан бері Алматы облысы бойынша 4681 адам Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылданған.