Алматы облысында 47 жүргізуші көлікті қайта мас күйде басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Алматы облысында 47 жүргізуші көлікті қайта мас күйде басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Алматы облысында алкогольдік және есірткілік мас күйде көлік жүргізгені үшін 768 адам жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар рульді мас күйінде қайта басқарудың 47 фактісі тіркелді.
Патрульдік полиция мас күйіндегі жүргізушілерге назар аудара отырып, бұзушыларды анықтау үшін үнемі рейдтер жүргізеді, өйткені олар айналасындағыларға үлкен қауіп төндіреді. Өңірде қайталанатың бұзушылықтардың алдын алу шаралары әзірленді.
– Жыл басынан бері 105 куәландіру жүргізілді, ал бұрын анықталған бұзушылардың тізімі күшейтілген бақылау үшін патрульдеушілерге берілді. Бұл жұмыс құқықбұзушылықтың қайталануының алдын алуға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шара жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін жасырын есірткі тұтынушыларды анықтауға көмектеседі, – деп атап өтті полиция.
Жыл басынан бері рульді мас күйінде қайта басқарудың 47 фактісі анықталды. Осындай жағдайлардың бірі Еңбекшіқазақ ауданында болған. 35 жастағы ер адам, 2023 жылдың қазан айында сот шешімімен өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырылып, қайтадан рульге отырды.
– Тәртіп бұзушыны патрульдік полиция ұстады. Сараптама оның есірткі қолданып, мас күйінде екенін көрсетті. Еңбекшіқазақ ауданының соты ер адамды ережені қайтадан бұзғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырды, – деп нақтылады ведомствода.
Рецидивистерді бақылау және мұндай жағдайлардың алдын алу ерекше назарда. Полицейлер азаматтарды қорғау және жолдағы қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін барлық ведомстволардың күш-жігерін үйлестіруді жалғастыруда.