Алматы облысында алкогольдік ішімдігі бар бас қосу соңы кісі өлімімен аяқталды
Жедел уәкілдер бір тәулік ішінде кісі өлімін ашып, күдіктіні қамаққа алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға Алматы облысы Кербұлақ ауданында кешкі сағат 22.00 шамасында орын алған. Полиция бөлімінің кезекші бөліміне учаскелік инспектордан зорлықпен өлтірілген 64 жастағы тұрғынның мәйіті Көксай ауылында табылғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Ер адамды өз үйінде өлтіріп кеткен.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы үйдегі жағдайға байланысты оқиға орын алмас бұрын үйде спирттік ішімдік пайдаланылған бас қосу орын алғандығын анықтады.
Куәгерлердің көмегімен күдіктінің белгілері бойынша сөздік портрет жасалып, бір тәулік ішінде көрші ауылдың 43 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұсталған азамат ұсынылған дәлелдемелерден кейін кісі өлтіргенін толық мойындады.
Аталған дерек ҚР ҚК-ның 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес тіркелді. Күдікті ҚР ҚІЖК-нің 128-бабы негізінде уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.