Алматы облысында ауыл тұрғынының малын қолды қылған күдіктілер ұсталды
Алматы облысында ауыл тұрғынының малын қолды қылған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сәуірдің 11-і күні, Балқаш аудандық полиция бөліміне Береке ауылының 47 жастағы тұрғыны, төрт бас ірі қараның ұрланғаны туралы арызданған. Келтірілген шығын көлемі 3 млн 200 мың теңге.
Аталған факті аудандық полицияда, мал ұрлығы қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысты жасаған 37 және 35 жастағы аудан орталығының екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Айта кетейік, күдіктілер ауданның шаруа қожалықтарының бірінде мал сойып жатқан жерінен ұсталды.
Айғақты заттар алынып, іс материалдарына қосылды. Күдіктілер қамауға алынды.