Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында барымташылар тобы құрықталды

Алматы облысында барымташылар тобы құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында Жамбыл ауданының полицейлері бір қатар мал ұрлығын жасаған күдікті төрт адамнан тұратын топты ұстады. Ұсталғандардың жасы 30-дан 35 жасқа дейін. 

Қазіргі уақытта екі жәбірленуші анықталды. Бірінші жағдайда күдіктілердің жайылымнан 18 бас жылқыны ұрлап әкеткен, шығын 9 миллион теңгені құраған. Екінші жағдайда шаруа қожалығының аумағынан 4 миллион теңгеге бағаланған 5 бас мал ұрланды.  

 – Екі дерек бойынша да қылмыстық істер тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Ұсталғандардың барлығы соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізілуде, – деп атап өтті полицияда.  

 Полиция өңір тұрғындарын өз мүлкін қорғау үшін шаралар қабылдауға шақырады. Мал иелеріне осындай оқиғалардың қаупін азайту үшін күшейтілген күзет ұйымдастыруға, бейнебақылау орнатуға немесе шопандардың қызметтерін пайдалануға кеңес беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру