Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті құрықталды

Алматы облысында полиция бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қарасай ауданында полицейлер бірнеше алаяқтық жасаған деген күдікпен 29 жастағы әйелді ұстады. 

 – Күдікті жәбірленушілерді алдап, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға көмектесемін деп уәде берген. Қазіргі уақытта жәбірленушілерден 4,5 миллион теңгеден астам ақша алғаны туралы сегіз арыз тіркелді, – дейді полицияда. 

Аталған фактілер бойынша Қарасай ауданының полициясында қылмыстық істер тіркелді. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. 

Өңірлік полиция азаматтарды сақ болуға және мемлекеттік қызметтерге қатысты мәселелерді шешуге көмек ұсынып жүрген бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Сенімді ақпарат алу үшін тек ресми органдарға немесе тексерілген мекемелерге жүгінген жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру