Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында блок-бекеттердегі 100-ге жуық әскери қызметкер марапатталды

Алматы облысында 100-ге жуық әскери қызметкер блок-бекеттердегі қызметі үшін марапатталды, – деп хабарлайыды Polisia.kz.


Полицейлер әскери қызметкерлерге блок-бекеттердегі қызметі үшін алғыс білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты тосқауыл бекеттердегі күшейту, елді мекендерді дезинфекциялау және патрульдеу мақсатында кезекшілікке тартылған ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамы мен әскери техникасы өзінің тұрақты орналасқан пункттеріне оралды. Осыған орай, Қарасай аудандық полиция басқармасының басшылығы мен қызметкерлері Алматы маңындағы блок-бекеттерде қызмет көрсеткен Қарулы Күштердің барлық жеке құрамына алғыстарын білдірді.

«Әскери қызметшілер алдыға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау кезінде ерен еңбек атқарды. Төтенше жағдай режимі ел аумағында енгізілген сәттен бастап,ірі мегаполис Алматы қаласымен жанасатын бекеттерге 87-ден астам әскери гарнизон қызметкерлері тартылды. Бүгінде 100-ге жуық әскери қызметші өңір басшылығы мен Алматы облысы Полиция департаментінің атынан марапатталды. Қарулы Күштердің жеке құрамына шын жүректен алғыс білдіре отырып, мемлекет қауіпсіздігін, ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету және сақтау ісінде алдағы уақытта табыс тілейміз», – деп атап өтті Алматы облысы Қарасай аудандық Полиция басқармасының басшысы Асхат Данияр.


Полиция және медицина қызметкерлері Алматы маңындағы бекеттердегі қызметін әрмен қарай жалғастырып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру