Алматы облысында браконьер бір шақырымдық аудың көмегімен 80 кг-ға жуық балық аулаған
Алматы облысында браконьер бір шақырымдық аудың көмегімен 80 кг-ға жуық балық аулаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Браконьер ұсталды. Түрлі балықтар мен аулар тәркіленді.
25 қазанда «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алматы облысы ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясы тобының полицейлері, Балқаш ауданындағы әріптестерімен, «Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ балық қорын қорғау инспекторлары және «Майтан» ЖШС қорықшыларымен бірлесіп жүргізілген рейд барысында сағат 08.00 шамасында Жамбыл ауданы Үлкен ауылының 36 жастағы тұрғынын ұстады.
Тәртіп сақшылары браконьерден 79 келі түрлі балық, 1000 метр Қытай торын , «Ямаха-40» қозғалтқышы бар моторлы қайықты тәркіледі. Аталған дерек ҚР ҚК 335-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Алынған балық мемлекеттік қабылдау пунктіне тапсырылды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.