Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші қайта ұсталды

Алматы облысында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші қайта ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Боролдай ауылында патрульдік полиция қызметі барысында көлікті алкогольдік масаң күйде басқарған жүргізуші ұсталды. Бұл — заңды елемеудің ғана емес, адам өміріне қауіп төндіретін аса ауыр құқық бұзушылық.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, патрульдеу кезінде Mercedes-Benz автокөлігі күдік тудырып, тоқтатылған. Құжаттарын тексеру барысында 44 жастағы жергілікті тұрғыннан алкогольдің айқын белгілері – тән иіс, сөйлеу мәнерінің бұзылуы байқалған. Медициналық сараптама оның мас күйінде болғанын нақты растады.

Тексеру барысында бұл азаматтың бұған дейін де дәл осындай құқық бұзушылық жасап, жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Алайда ол бұл шектеуді елемей, қайтадан мас күйде көлік басқарған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция басқармасы азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырып, мас күйде көлік жүргізудің — тек заң бұзушылық емес, адам өміріне төнген тікелей қауіп екенін қатаң ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру