Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында есептегі сотталған жазаны өтеу шарттарын бұзған

Алматы облысында есептегі сотталған жазаны өтеу шарттарын бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 18 желтоқсанда облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында Талғар ауданы Бәйтерек ауылының 47 жастағы тұрғынын ұстады. 

 – Құрықтау бұрын Алматы облыстық сотының үкімімен тағайындалған бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу шарттарын бұзумен байланысты. Пробациялық бақылау шарттарын сақтамағаны үшін сот жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Қазіргі уақытта ұсталған адам Қонаев қалалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды, – дейді ведомствода. 

 Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы ер адамды бопсалау дерегі бойынша сот 3,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар жаза сотталушыны пробация қызметінің есебіне қоюды қамтыды.  

 Құқық қорғау органдары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шеңберінде жедел іс-шаралар жүргізуді жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру