Алматы облысында есірткі сақтаған екі ер адам ұсталды
Алматы облысында есірткі сақтаған екі ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
6 қарашада Қонаев қаласы ПБ ЖПҚБ және ОКПБ қызметкерлерімен Chana көлігі тоқтатылды. Автокөлікті тінту барысында салмағы 15 келіден асатын марихуана өсімдік тектес заты тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлімі бойынша тіркелді.
Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қонаев қаласы Полиция басқармасының полицейлері есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды транзиттік тасымалдау арналарын жабу, сондай-ақ есірткі құралдарын сақтаумен және таратумен айналысатын адамдардың қылмыстық әрекеттерін анықтау және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдауда.