Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында есірткіге қарсы волейболдан турнир өтті

Алматы облысында есірткіге қарсы волейболдан турнир өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының полицейлері есірткіге қарсы мақсатта жағажай волейболынан жарыс өткізді. 

Сайыс өткен демалыс күндері өтті. Үздік атағы үшін 13 волейбол командасы бақ сынасты, олар тек құқық қорғау құрылымдарынан ғана емес, қарапайым азаматтардан да құралған.  

– Мұндай спорттық жарыстар есірткіге қарсы насихатпен тұрақты негізде өтеді. Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына, сондай-ақ денсаулыққа қауіпті зиянды әдеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу, – деп атап өтті облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ардақ Қайсаров. 

Турнир қорытындысы бойынша үздіктердің үздіктері грамоталармен, кубоктармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

– Өскелең ұрпақтың болашағы – біздің қолымызда. Тек күш-жігерді біріктіріп, бірлесіп әрекет ете отырып, біз жастардың нашақорлық проблемасына тиімді қарсы тұра аламыз, – деп толықтырды А. Қайсаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру