Алматы облысында кәсіпкер колонияға тыйым салынған заттарды кіргізбек болды
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №12 қауіпсіздігі жоғары мекемесіне жеке кәсіпкер тыйым салынған заттарды өткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мекеме ішінде жұмыс істейтін «Алматы алаңы» ЖК жүргізушісі Daimler Chrysler автокөлігімен колонияға тыйым салынған заттарды өткізбек болды. Мекеме қызметкерлері өндірістік материалдар тиелген автокөлікті тексеру кезінде сырлауға арналған ауа компрессорында ерекше иісі бар жасыл түсті заты бар 29 буманы және белгісіз сұйықтығы бар сыйымдылығы 1 литр пластикалық бөтелке, Huawei, Redmi және Vivo смартфондары, екі қуаттағыш және екі SIM-карта табылып, тәркіленді.
– Осы дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен бастапқы материалдар жиналды және одан әрі шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Бақытжан Шәріпбеков.