Алматы облысында киберполиция қызметкерлері «Аntifraud-орталығының» жұмысын айтып берді
Алматы облысының киберполицейлері Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шаралар туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарды киберқауіптерден қорғаудың жаңа жолдары туралы айтып, алаяқтық схемаларды жедел анықтауға бағытталған жобаларды ұсынды.
– 22 шілдеде өз жұмысын Ұлттық банкпен және ҚР ІІМ-мен бірлесіп бастаған «Antifraud-орталық» жобасын құру маңызды қадам болды. Орталық алаяқтық операцияларды тиімді анықтау және бұғаттау үшін қаржы ұйымдарын, құқық қорғау органдарын және байланыс операторларын біріктіретін платформа болып саналады. Орталық іске қосылған сәттен бастап Алматы облысы бойынша 200-ге жуық күдікті операцияға тосқауыл қойылып, жәбірленушілерге бұғатталған қаражатты қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті Алматы облысы ПД КПБ бастығының м.а. Нұржан Кеңесханұлы.
Жыл басынан бері өңірде 1136 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді, ал жәбірленушілерге 40 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды.
Брифингте Құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтардың қаражатын қорғауға және цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздікті арттыруға бағытталған шаралар туралы өзекті ақпаратпен бөлісіп, бірқатар сұрақтың жауабын айтты.