Алматы облысында колонияға тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған ер адам анықталды
Алматы облысында колонияға тыйым салынған зат лақтырмақ болған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №12 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды колония аумағына лақтырмақ болған ер адамды ұстады.
Оқиға орнынан скотчпен оралған 5 түйіншек анықталды. Түйіншектердің ішінен 15 телефон, 3 құлаққап, 1 сымсыз құлаққап, wi-fi роутер, 1 сымсыз қуаттағыш құрылғы және 0,5 литр көлемінде құрамында алкоголь бар зат тәркіленді.
Ұсталған адамның жеке басы анықталып, болған жәйтқа қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция бөліміне жіберілді.