Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында колонияға тыйым салынған заттарды өткізбек болған

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қызметкерлері тыйым салынған заттардың колонияға өтуінің алдын алды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №12 мекеменің қызметкерлері колония аумағына тыйым салынған заттарды жеткізуге жасалған әрекетті дер кезінде тоқтатты.

Оқиға сотталған азаматтарға арналған сәлемдемелер мен бандерольдерді тексеру барысында тіркелді. Қызметкерлердің назары қысқы аяқ киімдер салынған сәлемдемеге ауды. Қырағылық танытып, мұқият тексеру жүргізу нәтижесінде, етіктің ұлтарағының астынан түйіншектер анықталды. Ерекше иіс шығаратын жасыл түсті зат полиэтилен пакетке салынып, скотчпен оралған күйінде табылды.

Анықталған күдікті заттар бірден тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Қазіргі уақытта тәркіленген заттың құрамын анықтау бойынша арнайы зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, оны жеткізуге қатысты тұлғалар мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

- Бұл жағдай – Алматы және Жетісу облыстары бойынша мекемелерде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ҚАЖД қызметкерлерінің жоғары дайындық деңгейін, жауапкершілігі мен кәсібилігін айғақтайды, – деп атап өтті департамент басшысы Рысбек Тұрғымбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру