Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында көші-қон заңнамасын бұзудың 500-ге жуық дерегі анықталды

Алматы облысында екі күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 500-ге жуық дерегі анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы аумағында өткізіліп жатқан “Заңсыз келуші — 2025 жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында екі күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 476 дерегі анықталды.

Оның ішінде 387 шетелдік азамат республика аумағында болу ережелерін бұзған. Оларға қатысты тиісті шаралар қабылданып, 22 шетелдік азамат елден шығарылды.

– Сонымен қатар көші-қон талаптарын бұза отырып, шетелдіктерге баспана немесе жұмыс ұсынғаны үшін 78 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту фактілері де анықталды – осыған байланысты 11 жұмыс беруші жауапқа тартылды. Іс-шара аясында үш қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді көші-қон полициясы.

Тексеру барысында көрші мемлекеттің азаматы шетелдік тіркеуі бар автокөлікпен заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысқан жағдай тіркелді. Заң бұзушы анықталды және заңға сәйкес жауапқа тартылды.

“Заңсыз келуші — 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу, сондай-ақ аймақтағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру