Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында мал ұрлығы 17,6 пайызға азайды

Алматы облысында мал ұрлығы 17,6 пайызға азайды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылы Алматы облысында 296 мал ұрлығы тіркелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 244-ке дейін төмендеді, яғни 17,6 пайызға азайған. Бұл құқық қорғау органдарының жүйелі профилактикалық жұмысының нәтижелі екенін көрсетеді.

Мал ұрлығы ең көп тіркелген өңірлер – Жамбыл ауданы және мал шаруашылығы қарқынды дамыған аймақтар. Сонымен қатар қылмыстардың ашылу деңгейі тұрақты түрде өсіп келеді.

– Талдау нәтижелері көрсеткендей, ұрлықтың басым бөлігі малдың қараусыз қалып, бос жайылымдарда жоғалуынан орын алады. Осыған байланысты, Алматы облысының полициясы мал иелеріне қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынады. Атап айтқанда, қоршалған жайылымдарды пайдалану, түнгі кезекшілік ұйымдастыру және бейнебақылау жүйелерін орнату қажет, – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Мал ұрлығының алдын алу мақсатында полиция тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар өткізіп келеді. Оның ішінде “Мал ұрлығы” жедел алдын алу шарасы жүйелі түрде жүзеге асырылып, бұл қылмыспен күресті күшейтуге және ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға септігін тигізуде.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2024 жылы ұрланған 166 бас мал заңды иелеріне қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру