Алматы облысында Мамандандырылған прокуратураның бастамасымен дөңгелек үстел өткізілді
Алматы облысы бойынша Қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратураның бастамасымен Алматы облысы бойынша ҚАЖД ведомстволық бағынысты мекемелері бастықтарының, әскери прокуратураның және №3660 әскери бөлімі командирінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараның мақсаты – тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту болып табылады. Сондай-ақ, жиын барысында әскери бөлімнің жұмысы және короновирустық инфекцияның таралуының алдын алуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
– Кездесу жемісті өтті, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды. Сондай-ақ, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындауға қатысты сындарлы пікір алмасу жүзеге асырылды, – деп атап өтті прокурордың орынбасары Гамаль Тазабеков.