Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Алматы облысында масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекшіқазақ ауданында полицейлер жол қауіпсіздігі мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқару барысында «Toyota Carina» автокөлігін мас күйінде тізгіндеген жүргізушіні анықтады.

Ағымдағы жылдың 10 мамырында тәртіп сақшылары Ассысаға ауылының көшелерінің бірінен «Toyota Carina» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында көлік тізгінін ұстаған азаматтың масаң күйде екені белгілі болған.

Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес 34 жастағы жүргізушінің “орта” дәрежедегі масаң күйде екені анықталды. Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға беру) әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыптұрағына қойылды. Аудандық соттың шешімімен масаң күйде көлік басқарған немқұрайлы жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлады Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Шелек ПБ бастығы Дәурен Жалғасбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру