Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында меценаттар мен полицейлер балаларға мерекелік іс-шара өткізді

Алматы облысында меценаттар мен полицейлер балаларға мерекелік іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні” халықаралық акциясы аясында Алматы облысында полиция қызметкерлер жергілікті меценаттармен бірлесіп дағдарыс орталығының балаларына мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Қиын өмірлік жағдайларды бастан өткерген жас қонақтар өздерінің қиындықтарын кем дегенде бір күн ұмытып кетуге мүмкіндік алды. Олар үшін қызықты ойын-сауық бағдарламасы дайындалды: балалар заманауи ойын кешеніне барып, қызықты ойындарға қатысты, тәттілердің дәмін татып, алаңсыз атмосферадан ләззат алды.

– Іс-шара мақсаты – қуаныш сыйлау ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған балалардың эмоционалдық қалпына келуін қолдау, олардың қиындықтарында жалғыз емес екендіктерін көрсету. Бастама жергілікті меценаттардың қолдаумен өтті, олар қаржылай қамтамасыз етіп және іс-шараны ұйымдастыруға белсенді қатысты. Мұндай акциялар қоғамда қамқорлық пен қолдау мәдениетін қалыптастыру үшін өте маңызды, – деп атап өтті полицейлер.

Мемлекет, бизнес және қоғам ынтымақтастығының бұл үлгісі бірлескен күш-жігермен әлемді әлдеқайда жақсырақ етуге болатынын тағы да растайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру