Алматы облысында ПД бастығы азаматтарды жеке қабылдады
Алматы облысында ПД бастығы азаматтарды жеке қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев азаматтарды жеке қабылдап, өңірдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысты маңызды мәселелерді талқылады. Қабылдауға сегіз азамат келсе, тағы екі тұрғын бейнеконференция арқылы өтініштерін жеткізді.
Кездесу барысында қылмыстық істерді тергеу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ шұғыл шешімді талап ететін өзекті мәселелер көтерілді. Әрбір өтінішті мұқият тыңдаған Мейрам Әбікеев тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, барлық жағдайларды жан-жақты қарастыруды тапсырды.
– Азаматтармен тікелей қарым-қатынас орнату – біздің жұмысымыздың негізгі басымдықтарының бірі. Мұндай кездесулер тек мәселелерді жедел шешуге ғана емес, сонымен бірге халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға септігін тигізеді. Біз «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұстана отырып, жұмыстың ашықтығы мен айқындылығына баса мән береміз, – деді полиция департаментінің басшысы.
Алматы облысында полиция жұмысының басты қағидаттары – ашықтық, айқындық және қоғаммен сындарлы диалог орнату. Бұл бағыттар қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған және құқық қорғау саласының сенімді тірегі болып табылады.
https://youtube.com/shorts/12EvRHqCxQc?si=ETb10X6MKgsqcZHb