Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер 800-ден астам есірткі граффитилерін жойды

Алматы облысында полицейлер жыл басынан бері 800-ден астам есірткі граффитилерін жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл туралы облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма бастығы Ардақ Қайсаров Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте мәлімдеді. Спикер журналистерге жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ синтетикалық есірткінің таралуына қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

– Жастар арасында есірткінің таралу қаупінің өсуіне байланысты, біз есірткі өндіретін зертханаларды анықтауға үлкен назар аудардық. Жалпы, жыл басынан бері Алматы облысының полицейлерімен 12 есірткі зертханасы жойылды. Біз мектеп оқушыларымен, ата-аналармен және мұғалімдермен профилактикалық дәрістер мен семинарлар ұйымдастыра отырып, білім беру мекемелерімен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істейміз. Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу ғана емес, оны анықтау маңызды. Сонымен қатар 8 айда 400-ге жуық профилактикалық іс-шара жүргізілді, – деп атап өтті А.Қайсаров.

Іс шарада нашақорлықпен күресу профилактикалық және жедел шараларды қамтитын жүйелі көзқарасты қажет ететінін атап өтті. Осы тұрғыда жастар мен жасөспірімдер есірткі сатушылардың ықпалына көбірек ұшырайтын білім беру мекемелеріне ерекше назар аударылады.

– Біз волонтерлермен де белсенді жұмыс істеудеміз. Жыл басынан бері олардың қатысуымен 800-ден астам есірткілік граффити жойылды, халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша 214 іс-шара, 36 спорттық іс-шара және 29 жұмыс кездесуі өткізілді, – деп толықтырды А.Қайсаров.

Жұмыстың маңызды аспектісі халықты нашақорлықпен күресуге тарту. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарма қызметкерлері ата-аналарды, мұғалімдерді және барлық мүдделі азаматтарды есірткінің қолданылуына немесе таралуына байланысты күдікті жағдайлар туралы дереу хабарлауға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру