Алматы облысында полицейлер автоблогерлермен бірге республикалық маңызы бар автожолдарға тексеру жүргізді
Алматы облысында полицейлер автоблогерлермен бірге республикалық маңызы бар автожолдарға тексеру жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өңір тұрғындарының көптеген шағымдарына байланысты облыстық әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері автоблогерлермен және жауапты ұйымдармен бірлесіп Алматы – Бішкек автожолының проблемалық учаскесіне зерттеу жүргізді.
– Алматыдан Қаскелең қаласына дейінгі автожол учаскесінде тұрақты кептелістер байқалады, әсіресе қарбалас уақытта. Тұрғындар жұмысқа, оқуға және басқа бағыттарға уақытында жетуге кедергі болатын кідірістерге наразылықтарын білдіреді. Кептелістің негізгі себебі – күн сайын мегаполиске кіретін және шығатын автомобильдердің көбеюі, – деп атап өтті Алматы облысы ПД ӘПБ бастығы Еркебұлан Ахметов.
Осы мәселені талқылау және тиімді шешімдерді іздеу үшін жергілікті атқарушы органдар, «ҚазАвтоЖол» АҚ және қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен жиын өткізілді, онда бұрылыстар мен жер үсті өткелдерін салу бойынша ұсыныстар қаралды. Алайда, талқылаудың ең маңызды тақырыбы – көлік қозғалысы мен бұрылу үшін қосымша жолақтарды қосу арқылы жолды кеңейту мәселесі болды, бұл көлік ағынын едәуір жеңілдетеді және автомобиль жолының осы бөлігіндегі жағдайды жақсартады деп күтілуде.
– Бұл мәселе Мемлекет басшысының талқылау деңгейінде тұр, бұл оның маңыздылығы мен жұртшылықтың кең назарын аудару қажеттігін көрсетеді. Біз БАҚ осы іс-шараны белсенді түрде жариялауға және халықты жол инфрақұрылымының алдағы өзгерістері мен жақсартулары туралы хабардар етуге шақырамыз, – деп толықтырды Е. Ахметов.