Алматы облысында полицейлер балалар лагерінде профилактикалық жұмыстар жүргізді
Алматы облысында полицейлер балалар лагерінде профилактикалық жұмыстар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі әлемнің жаһандық мәселесіне назар аудару және тұрғындардың, әсіресе, жастардың есірткіге теріс көзқарасын қалыптастыру мақсатында облыста есірткі полиция қызметкерлерімен тұрақты негізде түрлі іс-шаралар өткізілуде.
– Бұл жолы уәкілетті органдармен бірлесіп, “Есірткісіз болашақ” акциясы аясында екі мыңнан астам балалар мен жасөспірімдерді қамтитын 12 жазғы лагерьде профилактикалық іс-шаралар жүргіздік. Мұндай кездесулердің мақсаты – мектеп оқушылары арасында нашақорлыққа деген теріс көзқарасты қалыптастыру, балаларды нашақорлықтың қорқынышты дерт екеніне сендіру, – деп атап өтті облыстық есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы.
Есірткіге қарсы полицейлері балалармен салауатты өмір салты, зиянды әдеттердің, соның ішінде есірткі құралдарының ағзаға әсері туралы баяндады. Балалардың назарына бейнероликтер ұсынылды, содан кейін балалар есірткіге қарсы тұру үшін адамның қандай қасиеттерге ие болуы керектігін анықтай алды.