Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер есірткіге қарсы бағытта 400-ге жуық іс-шара өткізді

Алматы облысында полицейлер есірткіге қарсы бағытта 400-ге жуық іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Алматы облысының полицейлері есірткіге қарсы бағытта 400-ге жуық іс-шара өткізді. Барлық іс-шара аймақтың белсенді жастарының міндетті түрде қатысуымен өткізіледі. 

Іле ауданының кадеттері, еріктілері мен белсенділері өңірдің құқық қорғау органдары ұйымдастырған акцияға қатысты.

 – Мұндай іс-шаралардың мақсаты – балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу, нашақорлыққа қарсы күресте шараларды күшейту мен жасөспірімдерде патриотизм сезімін қалыптастыру, – деп атап өтті облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасында. 

Акцияға барлығы 70-ке жуық адам қатысты. Жастар бірнеше топқа бөлініп, халық арасында кітапшалар таратып, сондай-ақ бояу құтыларымен елуден астам есірткі жарнамасымен, есірткіні насихаттайтын және таратуға ықпал ететін сайттармен тұрғын үйлердің, гараждардың, әкімшілік ғимараттардың қабырғаларындағы есірткі граффитиін бояды. 

Биыл полицейлер 64 есірткіге қатысты бұзушылықтар мен 152 қылмысты анықтады, оның ішінде 40 дерек есірткі заттарын сату, 24 есірткі заттарын сақтау және 3 заңсыз жарнама фактісі. Жыл басынан бері құқық қорғау органдары 12 есірткі зертханасын жойды.

Егер сізге есірткі және психоактивті заттарды сақтау, сату фактілері, сондай-ақ оларға қатысы бар адамдар белгілі болған жағдайда, өңір тұрғындарын есірткі таратудың жалпы проблемасынан тыс қалмауға, азаматтық ұстаным танытуға және “102” полицияның кезекші бөлімінің пультіне жүгінуге шақырамыз, анонимділікке кепілдік беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру