Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер мал ұрлаушылар тобын ұстады

Алматы облысында полицейлер мал ұрлаушылар тобын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 “Учаске” ЖПІШ өткізу барысында Алматы облысының полицейлері мал ұрлаушылар тобын ұстады.  

– Криминалдық полиция қызметкерлері Жамбыл ауданының аумағында екі күдіктіні ұстау бойынша жұмыстар жүргізді. Қазір олардың үш мал ұрлығына қатысы анықталды, – деп атап өтті облыстық криминалдық полиция басқармасы.  

Барымташылар барлық мал ұрлықтарын бір схемамен жасаған, олар мал қараусыз жайылатын жерлерді таңдайтын. Содан кейін малды сол жерде сойып, етін көліктің жүксалғышына тиеп алып кететін.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру