Алматы облысында полицейлер отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өткізді
Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасында “Мықты отбасы – мықты мемлекеттің кепілі” тақырыбында teach-in өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, адамгершілікке, рухани тазалық рухында тәрбиелеу, сонымен қатар отбасы мен ата-ананың рөлін бағалай білуге үйрету.
Іс-шараға тек полиция қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар жергілікті атқарушы және сот органдарының, сондай-ақ білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар отбасылық құндылықтардың маңыздылығын талқылап, өз ойларымен бөлісті. Мереке аясында Райымбек батыр атындағы орта мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, алғыс хаттармен марапатталды.
– Іс-шара тек идеологиялық сипатта ғана емес, сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелеріне назар аударуға бағытталған, – деп атап өтті ұйымдастырушылар.