Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер шаңғы тебу арқылы шеберліктерін шыңдады

Алматы облысында полицейлер шаңғы тебу арқылы шеберліктерін шыңдады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері Алматы облысының тәртіп сақшылары шаңғы теуіп, дене даярлығын шыңдады. Жаттығуға департамент басшысы Мейрам Әбікевтің өзі қатысып, спорттық дайындықтың маңыздылығын атап өтті.

– Полицейлер үшін физикалық дайындық – қызметтің ажырамас бөлігі. Күш, жылдамдық және төзімділік – кез келген жағдайда жедел әрекет етуге қажетті қасиеттер. Үнемі жаттығу жасау – әр қызметкердің бабында болуын және кез келген сын-қатерге дайын тұруын қамтамасыз етеді, – деді Мейрам Әбікев.

Спорттың тағы бір маңызды қыры – командалық рухты нығайту. Бірлескен жаттығулар ұжым ішіндегі ауызбіршілікті арттырып, өзара қолдау мен көмекке бейімдейді. Бұл – полицейлер үшін аса қажет дағдылардың бірі.

– Спорт – біздің қызметіміздің маңызды бөлігі. Мұндай дайындықтар бізге физикалық қуат беріп қана қоймай, бір-бірімізді тереңірек түсінуге, біртұтас команда ретінде әрекет етуге үйретеді, – деп атап өтті департамент басшысы.

Шаңғы жаттығулары полицейлердің кәсіби шеберлігін арттырып қана қоймай, оларды салауатты өмір салтын ұстануға, тәртіп пен төзімділікке тәрбиелейді. Құқық қорғаушылар осылайша спорттық үлгі көрсетіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында үнемі шыңдалып отырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру