Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полицейлер студенттерге есірткіге қарсы семинар өткізді

Алматы облысында полицейлер студенттерге есірткіге қарсы семинар өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында жастар арасындағы есірткіге тәуелділіктің алдын алу мақсатында тәртіп сақшыларының кешенді профилактикалық жұмыстары жалғасуда. Еңбекшіқазақ ауданында өткен кезекті шарада полиция өкілдері Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерімен жүздесті.

Семинарды облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырып, оған ҚР ІІМ академиясының өкілі Арайлым Жомарт арнайы шақырылды. Ол жастарға нашақорлықтың жеке тұлғаға, қоғамға және болашаққа тигізер ауыр зардаптары туралы кеңінен баяндап, заңнамада қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндірме берді.

Іс-шара барысында студенттер жастарды есірткіге тартудың жаңа тәсілдерімен және интернеттегі арам пиғылды жарнамалармен танысып, одан қорғанудың жолдарын меңгерді.

Семинардан кейін колледж студенттерімен бірге қала көшелеріне шығып, "Наркограффити" атты акция өткізілді. Қатысушылар интернеттегі есірткі сатуға бағытталған жарнамалық жазуларды бояп, жойды.

– Мұндай шаралар тек ақпарат беріп қана қоймай, жастардың санасын қалыптастырып, олардың азаматтық жауапкершілігін арттырады. Нашақорлықпен күрес – тек полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті, – деді ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, жыл басынан бері Алматы облысында жастармен 423-тен астам түрлі форматтағы профилактикалық іс-шара өткізілген. Бұл бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру