Алматы облысында полицейлер жұмыс күнін әнұранмен бастады
Алматы облысында полицейлер жұмыс күнін әнұранмен бастады, - деп хаьбарлайды Polisia.kz.
Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматы облысының ішкі істер органдарында қызметтік күн патриоттық рух пен антқа адалдықты айшықтайтын ерекше форматта басталды. Облыс көлеміндегі барлық полиция бөлімшелерінде, соның ішінде патрульдік полиция батальонында да таңғы саптық жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды.
Әнұранның шырқалуы – тәртіп сақшылары үшін Отан алдындағы қасиетті борышты еске салып, ұлттық құндылықтарға деген құрметтің белгісіне айналды. Сап түзеген полицейлер бұл сәтте өз қызметіне, халқына және Тәуелсіз мемлекетке деген адалдықтарын паш етті.
— Мемлекеттік рәміздер – бұл жай ғана нышандар емес, олар – біздің тарихымыз, абыройымыз және азаматтық жауапкершілігіміз. Әрбір полиция қызметкері тәртіп сақшысы болумен қатар, ел іргесінің берік болуына да үлес қосып отырғанын терең сезінеді, — деп атап өтті ведомство өкілдері.
Мұндай рәсімдер облыстың барлық аудандық полиция бөлімдерінде бір мезетте өткізілді. Бұл – аймақ полицейлерінің біртұтас патриоттық рухын бейнелеген көрініске айналды.