Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция 80-ге жуық қылмысты қызметтік иттердің көмегімен ашты

Алматы облысында полицияжыл басынан бері 80-ге жуық қылмысты қызметтік иттердің көмегімен ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметтік-іздестіру иттері полиция жұмысында ерекше маңызға ие. Олар қылмыстарды ашу, жарылғыш заттарды, есірткіні және басқа мақсаттарды іздеу үшін қолданылады.

– Жыл басынан бері төрт аяқты көмекшілер 570 рет оқиға орнына шыққан, 78 қылмысты ашуға қатысқан. Қызметтік-іздестіру иттері арқылы ашылған қылмыстардың көпшілігі ұрлық болып табылады. Жедел-іздестіру іс–шаралары барысында есірткі заттардың заңсыз айналымына байланысты – 17 факт анықталған, оның 10-ы есірткі қылмысы, – деп атап өтті Алматы облысы ПД КҚО бастығы Ерлан Мусапиров.

Кәсіби деңгейін арттыру мақсатында кинолог-инспекторлар тұрақты негізде арнайы оқыту және қайта даярлау курстарынан өтеді. Қызметтік иттерді қолдану полицияның күнделікті жұмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, олар қылмыспен күресуге және азаматтардың заңды құқықтарын сақтауға айтарлықтай үлес қосады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру