Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция “Атамекен” ҰКП мен өңірдің бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесті

Алматы облысында полиция “Атамекен” ҰКП мен өңірдің бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында полицейлер “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен өңірдің бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Талқылаудың негізгі тақырыптары – заңсыз алкоголь өнімдерін сатуға қарсы іс-қимыл және заңсыз тауар сатылымымен күрес.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының өкілдері заңсыз сауда мен контрофактілік алкоголь айналымы аймақ экономикасына ғана емес, азаматтардың денсаулығына да елеулі зиян тигізетінін атап өтті. Жасанды өнімдер көбінесе тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.

Қатысушылар құқық бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу бойынша бірлескен шараларды талқылап, жедел ақпарат алмасу және полиция мен кәсіпкерлердің тығыз ынтымақтастығының маңыздылығын көрсетті.

– Бірлескен рейдтер өткізу, профилактикалық жұмыстарды күшейту және бизнес өкілдері арасында заңнама нормаларын түсіндіру туралы келісімге қол жеткізілді. Кәсіпкерлерді заң талаптарын сақтауға және жалған өнімдерді сатуға жол бермеуге шақырамыз. Осындай заңбұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтарды полицияға хабарлауды сұраймыз, – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру