Алматы облысында полиция барымташылардың екі қылмыстық тобын құрықтады
Жамбыл және Қарасай аудандарының аумағында мал ұрлаған барымташылардың екі қылмыстық тобын Жамбыл аудандық полицейлері анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта мал ұрлығының жасаған бір топқа қатысты сот үкім шығарды.
– Барымташылар барлық мал ұрлықтарын бір схемамен жасап, олар мал қараусыз жайылатын жерлерді әдейі таңдаған. Содан кейін түнде иелерінің жоқтығын пайдалана отырып, жануарларды еркін жайылымнан жетектеп көліктерге тиеп алып кететін. Оларды көрші аудандарға апарып, алдын ала дайындалған жерлерде жасыратын. Ұрланған малды жергілікті базарда сатқан, – деп атап өтті Жамбыл АПБ бастығының орынбасары Бейбіт Байзиханов.
Барымташылардың екінші тобына қатысты қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталып, прокурорға жолданды және жақын арада заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.