Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция бірнеше рет мал ұрлаған күдіктіні ұстады

Алматы облысында полиция бірнеше рет мал ұрлаған күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеген өңірінде полицейлер мал ұрлығы бойынша күдіктіні ұстады. 35 жастағы жергілікті тұрғын жайылымнан 9 жылқы ұрлады деп айыпталуда.

Алғашқы жағдайда аудандық полицияға жергілікті тұрғын бес жылқысының жоғалғаны туралы арызданған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған малдың үшінші тұлғаларға сатылғаны анықталды. Сатып алушылар сатушыны көрсетті, ол өз кінәсін мойындады. Келтірілген шығын 1,9 миллион теңгені құрады.

Сонымен қатар кейінірек полицияға ауданның тағы екі тұрғыны жүгініп, олардың жылқыларының жоғалғанын хабарлады. Бұл ұрлықтың жалпы шығыны шамамен 2,2 миллион теңгені құрады. Полицейлер бұл малдардың да сатылғанын анықтады.

Аталған деректер бойынша полицияда қылмыстық істер тіркелді. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру