Алматы облысында полиция бірнеше рет ұрлық жасаған күдіктіні құрықтады
Алматы облысында полиция бірнеше рет ұрлық жасаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарасай ауданының полицейлері пәтер ұрлығын жасады деген күдікпен 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
– Тергеу әрекеттері барысында ұсталған адам жиырмадан астам ұрлық жасағанын мойындады. Ер адам заңнамада белгіленген тәртіппен уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Қазіргі уақытта істі тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету және ұсталған адамның облыс аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.