Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция еріктілермен дөңгелек үстел өткізді

Алматы облысында полиция еріктілермен дөңгелек үстел өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz

Алматы облысы полиция департаментінде еріктілер қозғалысының белсенді өкілдерімен дөңгелек үстел өтті. Кездесу "Қаржылық сауаттылық күні" акциясы аясында ашық форматта ұйымдастырылды. Алматы облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырған іс-шараны департамент бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімов жүргізді.

– Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруда полицияға қолдау көрсетіп жүрген еріктілерге алғыс білдіру, сондай-ақ алдағы бірлескен жұмыстардың жолдарын талқылау, –  Алматы облысы ПД бастығының бірінші орынбасары деді  Б. Әшімов.

Кездесуде сөз бастаған киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Кеңесханұлы еріктілердің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөліне тоқталып, полиция мен азаматтық қоғам арасындағы ашық диалогтың маңызын атап өтті.

– Ашық талқы барысында қатысушылар бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Полиция мен еріктілер арасындағы ынтымақтастықты қалай арттыруға болады, қандай бастамаларға қолдау қажет, жергілікті деңгейде еріктілер қандай қиындықтарға тап болуда, – деп қорытындылады Бағдат Әшімов.

Кездесу соңында қоғамдық қауіпсіздікке қосқан үлестері мен белсенді азаматтық ұстанымдары үшін қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлық табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру