Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция есірткіге қарсы ашық аспан астында концерт ұйымдастырды

Алматы облысында полиция есірткіге қарсы ашық аспан астында концерт ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері облыс орталығында есірткіге қарсы тақырыпта ашық аспан астында концерт өткізілді. 

Іс-шара облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жергілікті атқарушы органның және “Aspan Fest” радиосының қолдауымен ұйымдастырды.

 – Арнайы шақырылған жұлдыздар тұрғындарға, сондай-ақ Қонаев қаласының қонақтарына сергектік пен позитивтілік сыйлады. Көрермендер үшін эстрада әншілерінен де, диджейлерден де жарқын нөмірлер дайындалды. Сонымен қатар кеште облыс орталығының талантты әртістері де өнер көрсетті. Олардың қатысуы – есірткісіз өмір адамның алдында өзін-өзі дамытуға орасан зор жол ашатынының белгісі, – деп атап өтті облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ардақ Қайсаров. 

Концерттік бағдарлама арасында көрермендерге есірткі заттарын қолданудың зияны туралы бейнероликтер көрсетілді, сондай-ақ түсіндірме әңгіме жүргізілді. 

 – Жастардың халықтың ең осал бөлігі екенін ескере отырып, біз жастар арасында есірткіге қарсы профилактикаға баса назар аударамыз. Айта кету керек, белсенді жастармен бірлесе отырып, біз өскелең ұрпақта есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған көптеген қызықты жобаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеміз, – деп толықтырды А.Қайсаров. 

Қала тұрғындары мен қонақтарына есірткіге қарсы тақырыпта ақпараттық брошюралар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру