Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция көші-қон заңнамасын бұзған 6 шетел азаматын анықтады

Алматы облысында полиция көші-қон заңнамасын бұзған 6 шетел азаматын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері көші-қон полициясы басқармасымен бірлесіп «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Түрген ауылындағы жеке компаниялардың бірінің аумағынан 6 шетел азаматын анықтады.

– Тексеру барысында аталған адамдардың тиісті рұқсат құжаттарынсыз қызметін жүзеге асырғаны анықталды. Қазіргі уақытта ұсталған адамдар тиісті тексерулер жүргізу үшін қабылдағыш бөлушіге қамалды, – деді Алматы облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Еселбаев.

Сонымен қатар жұмыс берушілер заңнамада белгіленген шеңберде жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары шетелдіктерді елден шығару туралы шешім қабылдау үшін сотқа берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру