Алматы облысында полиция “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады
15-30 қыркүйек аралығында Алматы облысында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, —деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейд барысында полицейлер 11 605 құқық бұзушылықты анықтады. Шетелдік тіркеу нөмірлері бар 58 автокөлік айыппұл тұрағына қойылып, 512 мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды.
Анықталған құқық бұзушылықтардың қатарында міндетті сақтандырусыз көлік жүргізу бойынша 381 дерек, рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік басқаруға қатысты 125 дерек, қарсы бағытқа шығу – 169, жаяу жүргіншілерге жол бермеу – 397, апаттық жағдай туындату – 300, мас күйінде көлік жүргізу – 58, жүргізуші куәлігінен айырылған адамның көлік басқаруы – 11 дерек бар. Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушылар тарапынан 2964 құқық бұзушылық тіркелді.
Айта кету керек, аталған іс-шара жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жолдағы апаттылықты азайтуға және қозғалысқа қатысушылардың тәртібін арттыруға бағытталған.