Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция қылмыс жасаған мас жүргізушіні ұстады

Алматы облысында полиция қылмыс жасаған мас жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында полицейлер жолда қауіпті құқық бұзушыны дер кезінде тоқтатып, ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды.

14 тамыз күні Алматы–Алатау автожолында патрульдік полиция ротасының экипажы күдік тудырған Toyota автокөлігін байқап, тексеру үшін тоқтатты.

Тексеру кезінде рөлде отырған 29 жастағы ер адамның алкогольдік мас күйінде екені анықталды. Бұл дерек наркологтың медициналық куәландыру қорытындысымен расталды. Бұдан бөлек, жүргізушінің бұған дейін дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

— Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мас күйінде көлік жүргізу – адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп. "Заң мен тәртіп" қағидаты жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзып, өзгелердің өміріне қауіп төндіретін әрбір адамға қатаң және сөзсіз қолданылады, — деп атап өтті облыстық полиция өкілдері.

Патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алынып, жолдағы қауіпсіздік қамтамасыз етілді. Алматы облысында мына ұстаным берік: жолда заң үстем болуы керек, ал тәртіп – адам өмірінің басты кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру