Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция "Учаске" іс-шарасын жалғастыруда

Талғар ауданында полицейлер құқықтық тәртіпті нығайтуға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтарға жақын болып, жергілікті жерлердегі мәселелерді дер кезінде анықтап, шешу, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу. Шара барысында учаскелік инспекторлар бекітілген аумақтарды аралап, тұрғындармен кездесулер өткізуде, қолданыстағы заң нормаларын түсіндіріп, жеке және қоғамдық қауіпсіздік шаралары жөнінде ақпарат беруде.

Сонымен қатар қолайсыз отбасылардың, профилактикалық есепте тұрған тұлғалардың жағдайы тексеріліп, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен өзге де құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу шаралары қабылдануда.

Полиция басшылығы мұндай іс-шаралар құқық қорғау органдары мен азаматтар арасында сенімді диалог орнатуға, сондай-ақ қылмыстың алдын алу деңгейін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру