Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында полиция ұрланған автокөлікті "ізін суытпай" тапты

Алматы облысында полиция ұрланған Lexus автокөлігін "ізін суытпай" тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

28 сәуірде Қарасай ауданының полициясына Жамбыл ауылының тұрғыны өз үйінің ауласынан Lexus автокөлігінің ұрланғаны туралы шағымданған.

Оқиға тіркелісімен жедел әрекет ету мақсатында бірден "Құрықтау" арнайы жоспары жарияланып, іздестіру шаралары басталды. Құқық қорғау органдарының үйлесімді әрі жедел іс-қимылының нәтижесінде күдікті қысқа уақыт ішінде анықталып, қолға түсті. Ол — 23 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты және өз кінәсін толығымен мойындады.

— Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — дейді полиция қызметкерлері.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары азаматтарға жеке мүлікті қорғау бағытында сақтық шараларын ұстану қажеттігін ескертеді. Күдіктінің бұған дейін де осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру